Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шқо-ның Зайсан ауданына барды

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шқо-ның Зайсан ауданына барды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Зайсан ауданына келді.
Сапар аясында облыс әкімі Зайсан ауданының халқымен кездесу өткізіп, Боқажанов көшесіндегі №5 салынып жатқан 30 пәтерлі тұрғын үйді және Үлкен-Қаратал ауылында бой көтеріп жатқан мектептің құрылысымен танысады.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында «ARNNA MINERALS» минералды су өндіру зауытына бару және Зайсан ауданы Сәтпай елді мекеніндегі әуежай құрылысының барысын тексеру жоспарланған.