Өскемендік AN Group компаниясы 13 мамыр күні Үлбі өзеніне батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалған Қазақстан-Америка еркін университетінің студенті Ерасыл Омархановты қолдау туралы шешім қабылдады. Жас жігіттің батылдығы мен ерлігіне алғыс ретінде компания оның оқу ақысын өз мойнына алды.
Сонымен қатар, AN Group әлеуметтік осал отбасылардан шыққан студенттерге, ардагерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және спортшыларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.
Қолдау көрсетілетін ұйымдардың қатарында – «Парыз» қайырымдылық қоры, Шығыс Қазақстан облыстық шинкиокушинкай каратэ федерациясы, шахмат және әуесқой спорт федерациялары, джиу-джитсу және грэпплинг академиясы және басқалары бар.
Компанияның қайырымдылық көмек көлемі 100 миллион теңгеден асты.
-AN Group-тың бұл бастамасы – өзге кәсіпкерлерге үлгі боларлық іс, – деп атап өтті ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.