
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, өңірлік тестілеу орталығы, «Альшемали», «Император» және «Гостиный двор» сауда орталықтарының басшылығы мен қызметкерлеріне терроризмге қарсы қорғанысты ұйымдастыру жөніндегі қағидалар түсіндірілді.
Шара барысында бейінді нұсқаулықтармен бекітілген, ұйымдарға әкелуге және олардың аумақтарында пайдалануға тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі; ҚР Үкіметінің 2021 жылғы қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар туралы айтылды.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары; ҚР Ішкі істер министрінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортына қойлатын талаптар; көрінеу жалған хабарлама таратқандар жаза тартылатыны, терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары; штаттық оқ-дәрілер, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі; террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы; террористік тұрғыдан осал жекелеген объектілердің практикалық және теориялық сабақтар өткізу кезінде жіберген кемшіліктерінің мысалдары; объектіні инженерлік-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын терроризмге қарсы комиссиялармен келісу туралы ақпарат берілді.
Жиналысқа қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.