Ауыл туризмін дамыту – еліміздің экономикалық әлеуетін арттырудағы маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте «AMANAT» партиясының «Ауыл Аманаты» бағдарламасының шапағатын көріп, туған ауылында кәсіп бастаған азаматтардың саны артуда. Солардың бірі – Катонқарағай ауданының тұрғыны Тунгат Игманов.
- «Ауыл Аманаты» – менің арманымның бастауы болды. Осы бағдарлама арқылы 2,5% жеңілдетілген мөлшерлемемен 9,2 миллион теңге көлемінде несие алып, туған өлкемде кәсіп бастауға шешім қабылдадым. Қазір шағын демалыс үйінің негізгі құрылысы аяқталып, алғашқы қонақтарды 25 мамыр күні қабылдауға дайындалып жатырмыз, – дейді кәсіпкер.
Катонқарағайдың көркем табиғатында салынған бұл қонақүйде:
• Жайлы әрі заманауи бөлмелер
• Жылыту жүйесімен жабдықталған монша
• Қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техника
• Ең бастысы – табиғи тыныштық пен саф ауа бар
Қонақтарға ұсынылатын қызметтер:
• Атпен серуендеу – табиғат аясында
• Фитобочка – шөп буымен денені тазарту
• Массаж – кәсіби терапевттен
• Фитотерапия – табиғи шөптер арқылы ем
• Банное парение – бу мен емдік шөп қоспасымен монша рәсімі
Демалыс орны аумағында киіз үй тігіліп, онда:
• Қымыз ұсынылады
• Ұлттық тағамдар әзірленеді
• Қонақтар қазақтың дәстүрімен танысып, ұлттық нақыштағы қызметке куә бола алады
- Катонқарағайдың сұлу табиғатын елге кеңінен танытқым келеді. Қонақтар демалып қана қоймай, қазақтың дәстүрі мен тағамдарынан ләззат алып, ауыл туризмінің әлеуетін сезінуі тиіс. Бұл – менің бала кезгі арманым еді. Қазір оны жүзеге асырып жатырмын. Ауылда отырып-ақ кәсіп ашуға, туған жердің дамуына үлес қосуға болады, – дейді кәсіпкер Тунғат Игманов.