А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қала әкімі аппаратының, мәдениет және денсаулық сақтау бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар өтті.
Спикерлер ШҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М. Бекқужина, Өскемен қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Мамарбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Д. Хайруллин. Ұйымдастырушылардың айтуынша семинар мақсаты - ашықтық, адалдық және кәсібилік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметті қалыптастыру.
Семинар қатысушылары «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» сұрақтарын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына түсу мүмкіндіктері мен Президенттік жастар кадр резервіне қатысу тәртібін талқылады.