Шығысқазақстандық студент гір спортынан Азия чемпионы атанды

Шығысқазақстандық студент гір спортынан Азия чемпионы атанды

14-19 мамыр аралығында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында гір спортынан Азия чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі додада сегіз елдің ең үздік атлеттері бақ сынады.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің "Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық" білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Әлішер Серікбек чемпионатта топ жарып, 1-орынды иеленді.

Әлішер 63 келі салмақта 24 келілік гір тасын 187 рет көтеріп, қарсыластарын артта қалдырды. Бұл жеңісі – қажырлы еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі.

– Азия чемпионатындағы жеңісіме зор үлес қосқан жаттықтырушыма алғысым шексіз. Сондай-ақ, мені әрдайым қолдап, сенім артқан достарыма да алғыс білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз маған үлкен күш берді, – деді чемпион.