Өскемендік студент ҚР ТЖМ медалімен марапатталды

Өскемендік студент ҚР ТЖМ медалімен марапатталды

13 мамыр күні Өскемен қаласында Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан баланы студент Ерасыл Омарханов құтқарып қалған болатын.

Бала әпкесімен өзен жағасында серуендеп жүрген кезде, суға құлап кеткен, ағыс оны алып кете бастаған. Оқиғаға кездейсоқ куәгер болған Ерасыл абдырап қалмай, дереу әрекет еткен.

ҚР ТЖ министрінің бұйрығымен суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы , жанқиярлығы үшін,  Қазақстан-Америка Еркін университетінің 2-курс студенті Ерасыл Омарханов «Суға батқандарды құтқары үшін» медалімен марапатталды.

- Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Біздің өңірде  өскелең ұрпақтың лайықты үлгі алатын осындай батырлары барына қуаныштымын!- деп атап өтті ведомстволық марапатты табыстаған ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.