Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті.
Байқауға облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының ұстаздары қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Айгүл Акимаеваға (Алтай ауданы) бұйырды. Жүлделі 1-орынды Айгерім Бексатова (Глубокое ауданы), 2-орынды Бақжан Елсінбекқызы (Ұлан ауданы), 3-орынды Лаура Кезенбаева (Самар ауданы) алды.