Басты міндет су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан бағдарламаны ТЖД кәсіби құтқарушылары қатысушылар суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету ережелерін, суда апатқа ұшыраған кездегі іс-қимыл дағдыларын, құтқару құралдарын қолдана білуді, қайықтарда патрульдеу техникасын игеруді үйретті.
Бүгінгі таңда 20-ға жуық жасақшы оқытылды, өтінімдер әлі де түсуде. ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік мәселелеріне мұқият қарайды. Сондықтан суда болатын оқыс оқиғалар және осындай жағдайлардан қалай аулақ болу керектігін құтқарушы жасақшыларға жеткізді.
- Оқу процесі аяқталғаннан кейін арнайы куәлік беріледі. Құтқарушы жасақтар жағажайларда кезекшілік етеді және қоғамдық жағажайларда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.