Өскемен қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мемлекеттік және салалық наградалар табысталды. Өңірдің ең шығармашыл әрі креативті тұлғаларын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтады.
– Сіздер қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосып, рухани бағдарларды қалыптастырып, бай мұрамызды сақтап, адамдардың өмірін мағынаға, сұлулық пен шабытқа толтырасыздар. Дәл сіздердің талантыңыз, идеяларыңыз бен жанкешті еңбектеріңіздің арқасында Шығыс Қазақстан жарқырап, өзіндік келбеті бар мәдени орталық ретінде дамып келеді. Әр күніңіз мақтаныш пен мойындауға толы болсын, – деді өңір басшысы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
Андрей Воронин – Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының орыс труппасының көркемдік жетекшісі;
Анастасия Городко – Қазақстан Республикасы фристайл (могул) құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған:
Алла Латфи – Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының актрисасы.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған:
Марина Аликина – Шығыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың кітапханашысы.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған:
Максим Горбанёв – Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының орыс труппасының әртісі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Меир Орымбаев – Катонқарағай аудандық мәдениет және демалыс орталығының әншісі;
Бақытгүл Шайымова – Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің №2 кітапхана филиалының кітапханашысы;
Наталья Терентьева – Глубокое ауданы, Опытное поле ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі;
Қайрат Тұңғышпаев – Самар аудандық мәдениет және демалыс орталығының әртісі, «Самар сазы» ансамблінің жетекшісі.
Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
Кенжегүл Насиева – Зайсан аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы;
Толқын Сәрсембина – Ұлан аудандық Мәдениет үйінің мәдени шаралар ұйымдастырушысы;
Наталья Рудакова – Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы;
Сымбат Қалияқперов – Күршім аудандық Тұрар Қабдолда атындағы Мәдениет үйі директорының орынбасары;
Светлана Гилева – ШҚО өнер музейінің жаппай экскурсиялар және музейлік педагогика секторының маманы;
Ольга Леонова – ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету орталығының жетекшісі;
Анатолий Коблов – ШҚО драма және оперетта театрының жарық қоюшы суретшісі;
Арника Байбусынова – ШҚО филармониясының солисті;
Динара Кітапбаева – облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету орталығының жетекшісі;
Раджан Ерболов – Үлкен Нарын аудандық мәдениет және демалыс орталығының әртісі.