Өскеменнің медициналық мекемелерінде Ашық есік күндері өтеді

Өскеменнің медициналық мекемелерінде Ашық есік күндері өтеді

Тері обыры мен меланомаға қарсы ақпараттық апта аясында Өскемен қаласындағы ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында, сондай-ақ облыстағы барлық бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде Ашық есік күні өтеді.
Кез келген адам онколог-дәрігерлер мен дерматологтардан тегін кеңес, тері қатерлі ісігін алдын алу, өзін-өзі тексеру және ерте анықтау жолдары туралы ақпарат ала алады.

ҚР Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, 2023 жылы Қазақстанда 3500-ден астам тері қатерлі ісігі және шамамен 300 меланома жағдайы тіркелген. Аурушаңдық жыл сайын өсуде, әсіресе 55 жастан асқан әйелдер арасында.

Тері қатерлі ісігі — ерте анықталған жағдайда емделетін онкологиялық аурулардың бірі. Сондықтан өз денсаулығыңызға мұқият қарап, тері күйін тұрақты бақылау маңызды.

Алдын алу шаралары:
• ультракүлгін сәуледен қорғану (киім, SPF кремі, солярийден бас тарту);
• ай сайынғы теріні өзін-өзі тексеру;
• жыл сайын дерматологқа қаралу (әсіресе 50 жастан кейін).