Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Халық үшін
Все материалы
29 октября 2024
Міндетті қырағылық!

2024 жылғы 23 қазанда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті,  полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының  2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;

- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;

- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;

- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;

- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;

- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.

24 октября 2024
ШҚО әкімі Республика күніне арналған марапаттау рәсімінде өңірдің және еліміздің жетістіктеріне тоқталып өтті

Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада аймақ басшысы Ермек Көшербаев Қазақстанның берік басқару жүйесі, тұрақты экономикасы мен белсенді сыртқы саясаты қалыптасқан мемлекет ретінде дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

– Соңғы бес жылда елімізде саяси жүйені түбегейлі өзгерту арқылы ауқымды реформалар жүргізілді. Азаматтардың қоғамдық санасы жаңғырып, құқықтық мәдениет деңгейі артты. Жаңа мінез-құлық үлгілері қалыптасып, құндылықтар орнығуда, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Ермек Көшербаев өңірде үкімет ашықтығы мен азаматтық қоғам институттарымен серіктестік назардан тыс қалмағанын айтады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу қоғамдық әлеуетті мобилицазиялау мен ресурстарды кезең-кезеңімен пайдалануды талап етеді.
Аса маңызды жобалардың бірі – Орталық Азиядағы ең ұзын өткел саналатын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылуы.

– Бұл көпір жеті ауданды біріктірді. Ол еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтып, өңір дамуына үлес қосады, - деді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ қараша айында титан қожын шығаратын зауыт құрылысы бойынша «IREL Limited» үнділік компаниясымен келісімшартқа қол қойылмақ. Бұл қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

– Республиканың барлық жетістіктері – тұтас қоғамның бірлігі мен ерең еңбегінің жемісі, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Жиын соңында ол жоғары жетістіктерге ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін айтып, қазақстандықтарға жылы лебізін білдірді.

22 октября 2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

2024 жылғы 30 қазанда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.

Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.

Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.

Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 28 қазанға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады.  Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.

Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.

Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.

 Қаралатын мәселелер

 

21 октября 2024
Президенттің тапсырмасы бойынша ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады.  
 
Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. 
 
Облыс тұрғындарымен кездесуде Премьер-министр жобаны іске асыру көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететінін, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін және еліміздің көлік-логистика саласының дамуына оң әсер ететінін атап көрсетті. 
 
- Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында  салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
21 октября 2024
«Банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметі

Қызмет eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, бұл азаматтарға қажетсіз қарыздар мен алаяқтық әрекеттерден оңай әрі тез қорғауға мүмкіндік береді. Қызметті қосу ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады. Қосылу үшін басты бетте «Сервистер» бөлімін, одан әрі «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» бөлімін таңдау қажет.

19 октября 2024
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Риддер қаласының өнімдерімен танысты

Бүгін Өскемендегі жаңа «Алтай» көтерме сауда орталығының алаңында дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда Риддер қаласының кәсіпкерлері облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынды.

— 15 өндіруші бірнеше тауар түрлерін алып келді. 5 тонна картоп, 1 тонна сәбіз, қызылша сынды көкөніс түрлері де бар. Оған қоса ет, бал өнімдері халыққа ұсынылды. Барлығы төмендетілген бағамен сатылуда, - деп атап өтті Риддер қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әсел Жұмабаева.

Аймақ басшысы табиғи өнімдерді нарық бағасынан төмен сатудың өзектілігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ ол облыс орталығының әр қала, ауданнан келген кәсіпкерлерді сауда жүргізуге арналған ыңғайлы орынмен қамтамасыз етіп, қолдайтынын жеткізді.

Жәрмеңкеде сауда-саттықтан бөлек мәдени-спорттық бағдарлама да ұйымдастырылды. Риддер қаласының шығармашылық ұжымдары жәрмеңкеге келгендерге өнер көрсетсе, спорт сүйер қауым армрестлинг, гір көтеру және арқан тартудан өткен жарысқа қатысты.

19 октября 2024
Өскеменде Риддер қаласының мәдени күндері өтуде
«Туған жер – алтын бесігім» жобасының аясында облыс орталығында Риддер қаласының дәстүрге айналған мәдени күндері ұйымдастырылды. Шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысты.
 
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Риддер тарихи-өлкетану музейінің сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен экспонаттарының көрмесі көпшілікке ұсынылды. Келушілер жергілікті өндірушілер арнайы әкелген бал, шай, тұздалған өнімнің әр түрінен дәм татып, сатып алды. 
 
Кеш қонақтары үшін Риддер қаласының би ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен гала-концерті ұйымдастырылды. Мәдени шараға белгілі қазақстандық «Ұлытау» рок тобы келді. 
 
– Риддер қаласынан 180-ге жуық өнерпаз қатысуда. Арнайы шақырылған «Ұлытау» тобы да өз өнерімен халықтың ыстық ықыласына бөленді. Топ құрамындағы гитарист Максим Кичигин – Риддер қаласының тумасы. Ол біраз жыл осында тұрған еді. Кейін Қазақстанның ірі қалаларына барып, шығармашылығымен танылды. Бүгінгі күні қазақ музыкасын бүкіл әлемге дәріптеп жүрген топта өнер көрсетуде, - деді Риддер қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерболат Ошақбаев.
19 октября 2024
Шығыс Қазақстан облысының әкімі өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің және құтқару қызметінің қызметкерлері, ардагерлері! 
 
Сіздерді Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Құтқарушы болу – ерекше мамандық. Бұл қызмет батылдықты, төзімділік пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Адамдарды құтқару мен қайғылы оқиғалардың алдын алудың отандық жүйесінің негізін қалаған қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын. Сіздер – кәсіпқойлықтың жарқын үлгісін қалыптастырып, құтқарушылардың жаңа ұрпағы үшін адамгершілік және моральдық бағдар болып отырсыздар. Құтқарушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, игі істеріне табыс тілеймін!»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет
18 октября 2024
Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағы негізінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында, 2024 жылғы 29 қазан мен 2 желтоқсан аралығында «Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

16 октября 2024
Шығыс Қазақстанда Словакия Республикасымен және Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық дамымақ
Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев Словакия Республикасының Қазақстандағы елшісі Роберт Кирнагпен және Дүниежүзілік банктің  Қазақстандағы және Түркіменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесті. Жүздесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығын ерекше атап өтті. 
 
- Біз шағын және орта кәсіпті қолдауға баса назар аударамыз. Өңірде бұл саласын дамыту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы өз септігін тигізіп отыр. Аграрлы секторды өркендету үшін де барлық ресурстар бар. Сондай-ақ туризм саласында да оң өзгерістер бар. Катонқарағай мен Зайсан аудандарында жаңа әуежайлардың бой көтеруі де маңызды рөл ойнайды, - деді  Ермек Көшербаев.
 
Сонымен қатар ол Шығыс Қазақстанның жүк тасымалының транзиттік дәлізі екенін де ерекше атап өтті. Сол себепті логистикалық жобалар өңір үшін өзекті саналады. 
 
Айта кету керек, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы портфелінде құны төрт миллиард АҚШ долларынан асатын сегіз жоба бар.
Социальные сети
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы