Шығыс Қазақстан облысында туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және басқа да салалар бойынша өңірдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстыру шарасы өткізу жоспарлануда.
«Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвестицияларды ел экономикасына тарту жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Осы тапсырманы жүзеге асыру аясында, 9 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және экономиканың басқа да басым бағыттары бойынша өңірдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстыратын арнайы іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған шара 10 қыркүйекте Өскемен қаласында өтетін «Altay Invest» халықаралық инвестициялық форумына серпін береді деп күтілуде. "Форумның басты мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шетелдік серіктестермен жаңа іскерлік әрі инвестициялық байланыстар орнату", – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімінің айтуынша, өңірде басым салаларға инвестиция тарту үшін тұрақты түрде қолайлы жағдайлар жасалып, бұл Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласында өтетін жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиаданың салтанатты ашылуына қатысты.
Спорттық жарыстарға еліміздің барлық өңірлерінен келген құрама командалардың шамамен 1300 қатысушысы қатысады.
11 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті, ал үстел теннисі орталығында мандаттық комиссияның отырысы ұйымдастырылды.
"12-16 маусым аралығында Өскемен қаласы мемлекеттік қызметшілер арасындағы спорт астанасына айналады – бізде еліміздің барлық өңірлерінен командалар қатысатын республикалық спартакиада өтеді. Бұл тек түрлі спорт түрлері бойынша жарыс емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, әріптестермен танысу, командалық рухты нығайтуға тамаша мүмкіндік. Шығыс Қазақстан облысының намысын облыстық спартакиадада үздік нәтиже көрсеткен қызметшілер қорғайды. Біздің спортшылар лайықты нәтиже көрсетіп, мықты мінез танытады деп сенемін.
Бұл спартакиада күш-жігер мен бірліктің мерекесіне айналсын. Барша қатысушыларға жарқын әрі әділ жарыстар, жаңа жеңістер мен ерекше әсерлер тілеймін. Шығыс Қазақстан қонақтарға қуанышты және нағыз спорттық күреске дайын!",– деп құттықтады қатысушыларды облыс әкімі. Спартакиада 9 спорт түрі бойынша өтеді: шағын-футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, қазақ күресі, шахмат, арқан тартыс, тоғызқұмалақ және баскетбол.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов ауылындағы жаңа емхананың ашылу салтанатына қатысты.
« Бүгін біз Ұлан ауданы үшін маңызды жаңа нысанды – Қасым Қайсенов ауылындағы заманауи емхананы аштық. Бұл – жай ғана ғимарат емес. Бұл – тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Экономиканың тұрақты өсуінің арқасында біз әр азаматқа қатысты маңызды мәселелерді – денсаулық сақтау, білім беру, тұрмыс жағдайларын – кезең-кезеңімен шешіп келеміз. ШҚО-да, соның ішінде ауылдық жерлерде де, медициналық мекемелердің кең желісі қалыптасқан. Тек Ұлан ауданында аудандық аурухана, дәрігерлік амбулаториялар, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер жұмыс істейді. Соңғы жылдары денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, жабдықтау және жаңадан салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Мәселен, «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы мен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ұлан ауданында 5 жаңа медициналық пункт салынды, 4 амбулатория жөндеуден өтті. Ал бүгін ауысымына 150 адам қабылдай алатын, жалпы ауданы 3853 шаршы метрді құрайтын жаңа емхана пайдалануға берілді. Жаңа емхана ауыл және аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмекке, нақты диагностика мен уақтылы емделуге жол ашады», – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Жоба 2023–2025 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Бас мердігер – «ЭЛХОН» ЖШС, тапсырыс беруші – ШҚО құрылыс басқармасы.
Жаңа емхананың ғимараты заманауи стандарттар мен технологияларға сай жобаланған, пациенттер үшін жайлы жағдай мен медицина қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалған.
Қабылдауды жалпы практика дәрігерлері және келесі салалық мамандар жүргізеді: оториноларинголог, офтальмолог, дерматолог, невропатолог, кардиолог, онколог, акушер-гинеколог, хирург, травматолог, фтизиатр, стоматолог.
Диагностика жүргізу үшін микробиологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бактериологиялық зертхана қарастырылған.
Емханада ФГДС, колоно- және видеоколоноскопия, рентген, маммография, флюорография, УДЗ, физиотерапия кабинеттері жұмыс істейтін болады.
Мекеме құрамына қысқа мерзімді емделуге арналған күндізгі стационар, жоспарлы және шұғыл операциялар жасалатын ота блогы, стоматологиялық және хирургиялық кабинеттер кіреді. Сонымен қатар, терапевт кабинеті мен төрт шақыру санаты бойынша шұғыл медициналық көмек бөлімі жұмыс істейтін болады.
Жедел жәрдем қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін екі санитарлық автокөлікке арналған гараж ғимараты салынған. Бұдан бөлек, жақын арада жедел жәрдем станциясын жаңа емхана ғимаратына көшіру жоспарланып отыр.
14 маусым - Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл мереке 21 жыл бұрын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық қызыл крест және қызыл жарты ай федерациясының, Халықаралық қан донорлары ұйымдары федерациясының және халықаралық қан құю қоғамының бастамасымен енгізілді.
Мереке қарсаңында, 13 маусым күні, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Қан тапсыр - үміт сыйла» ұранымен қайырымдылық донорлық акция өтеді. Шараның басталуы сағат 10.00-де.
Бұл күні донорларға алғыс хаттар, мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталып, мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Концерттік бағдарламадан кейін қан орталығы БАҚ өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтеді. Ондағы мақсат – ерікті донорлықты насихаттау, халыққа қан тапсырудың маңыздылығын түсіндіру.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанға келетін туристердің жайлы және қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету мәселесі, оның ішінде қауіпсіздік шаралары талқыланды.
Жазғы шомылу маусымы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, 2025 жылғы шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Бүгінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Бұл бағытта алдын алу нұсқаулықтары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылып, туристік нысандар мен бағыттарда қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау күшейтілуде. Сонымен қатар, келесі профилактикалық шаралар жүзеге асырылды: аумақтарды кенеге қарсы өңдеу, су сапасына қатысты зертханалық зерттеулер (санитарлық-химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық), демалыс базаларының иелері мен қызметкерлеріне қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар өткізу, халық пен туристер арасында қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Отандық және шетелдік туристер үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі тұрақты бақылауда.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізге келген туристердің жайлы және қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министр туристердің қауіпсіздігін күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстың салалық мекемелеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.
"ШҚО-да туристердің қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданды. Демалыс аймақтарында отандық және шетелдік туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау қажет. Қауіпсіздік мәселесі тұрақты бақылауда", – деді облыс әкімі. Осыған орай, ШҚО Полиция департаменті қоғам белсенділері мен еріктілермен бірлесіп, туристік аймақтарда полиция жасағының тұрақты қатысуын қамтамасыз ететін патрульдік бағыттарды әзірледі.
Сонымен қатар, құрамында патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және ШҚО ТЖД қызметкерлері бар мобильді топтармен рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады. Бұл топтар әкімшілік заңнаманың орындалуын, судағы қауіпсіздік ережелері мен санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайды. Демалыс және мереке күндері олардың жұмысы күшейтіледі. Барлық патрульдік автокөліктер қажетті құтқару құралдарымен жабдықталған.
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2025 жылғы 11 маусымда сағат 15-00 де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында (мәжіліс залы, 108 каб.) Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды.
Қаралатын мәселелер:
Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195.
Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық музыкалық фестиваль өтеді. Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Фестиваль бағдарламасы түркі халықтарының мәдени мұрасы мен тарихи сабақтастығының байлығын бейнелейді.
Сахнада Қазақстан эстрадасының жұлдыздары: «Музарт» тобы, Қобыланды Болат, Құралай Мейрамбек, «Абырой» және «Тұран» топтары және басқа да орындаушылар өнер көрсетеді.
Сондай-ақ, фестивальге Ресей, Моңғолия, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және басқа да елдерден арнайы шақырылған өнерпаздар қатысады. Фестиваль аясында сахнада өнер көрсететіндер: Архан Уйгу (Саха, РФ), Алексей Ховалыг (Тува, РФ), Болот Байрышев (Алтай, РФ), DEFNE (Татарстан, РФ), Дильмұрад Гүлмұрадов (Өзбекстан), Мұхаммед Әли Учар (Түркия), Сүбедей Самдын (Моңғолия), Нұрайым Ақылбекова (Қырғызстан) және басқалар.
Фестивальдің шарықтау шегі ретінде Берел қорғанынан табылған қасиетті бейне – Штандарттың символикалық сахналық көрінісі ұсынылады. Бұл жәдігер – түркі әлемінің рухани мұрасын, тарихи ортақтығы мен мәдени байланысын білдіретін нышан.
Фестиваль аясында көрермендер этнографиялық сахналық қойылымдарды, тарихи композицияларды, дәстүрлі музыка мен билерді тамашалай алады. Фестивальдің мазмұнын ашатын тарихи қойылым төрт бөлімнен тұрады: «Терең тарихты Алтын Алтай», «Алтай – құпиялар мен байлықтар қоймасы», «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» және финал.
Өтетін күні, уақыты және орны:
14 маусым, Катонқарағай ауылы, ипподром, сағат 19:00.
Алтай ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2028 жылға дейін жалпы инвестиция көлемі 49,6 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Бұл туралы Алтай ауданының әкімі Ренат Курмамбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.
Негізгі бағыт — жалпы 5200 бас сауынды сиырға арналған алты сүт-тауар фермасын салу және жаңғырту. Аталған жобалардың жалпы құны – 42,3 млрд теңге, ал жыл сайынғы өнім көлемі 6,3 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.
Флагмандық жобалардың бірі – Поляное ауылында 1075 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы. Бұл жобаны «Мойылды Байқоңыр» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Жоба жылына 6500 тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Чиркаин ауылында «Средигорненский-2» ЖШС Германиядан 95 жоғары өнімді симменталь тұқымды сиыр сатып алды. Биыл тағы 255 бас әкелінеді деп жоспарлануда. Осылайша, фермадағы мал басы 600-ге жетіп, жылына 2000 тонна сүт өндіруге жол ашылады.
Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде ауылдық жерлерде шамамен 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттырып, табысын көбейтеді.
— Сүт өндірісінің дамуы өңдеуші кәсіпорындар, логистика, ветеринария және мал азығын өндіру сияқты салалардың да дамуына серпін береді. Сонымен қатар, ауданның азық-түлік қауіпсіздігі артып, ішкі нарықты табиғи өніммен қамту үлесі ұлғаяды, — деді Ренат Курмамбаев.
Жаңа фермалар заманауи агротехнологиялармен және техникалармен жабдықталады. Импорттық тұқымдар, автоматтандырылған азықтандыру және сауу жүйелері, сондай-ақ ресурсты үнемдейтін әдістер қолданылатын болады. Бұл өнім сапасын арттырып, сүттің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Зайсандық жас дәрігер мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр. Мемлекеттің ауылдық өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауы – жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік қызметтердің сапасын көтеруге нақты ықпал етуде.
Зайсан ауданының тұрғыны, жас стоматолог Мақсұтқан Жеңісхан «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5% жеңілдетілген несие алып, өз ісін дамытуға үлкен мүмкіндік алғанын жеткізеді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен берілген несие арқылы стоматологияға қажетті жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік алғаныма зор ризашылығымды білдіремін. Бұл – мен үшін ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары үшін үлкен игілік. Осындай мүмкіндіктердің арқасында кәсібімді дамытуға және ауыл тұрғындарына заманауи, сапалы қызмет көрсетуге жол ашылды», – дейді Мақсұтқан Жеңісхан.
Жаңа стоматологиялық қондырғылардың көмегімен енді Зайсан қаласының тұрғындары қалаға сабылмай-ақ сапалы әрі заманауи медициналық қызмет ала алады. Бұл – шалғай өңірлерде жиі кездесетін медициналық қолжетімсіздік мәселесін шешуде деуге болады.