Меню
Страницы

Қазақстанның X азаматтық форумы: «қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы»

Қазақстанның X азаматтық форумы: «қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы»

Ағымдағы жылдың 22-26 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» атты Қазақстанның X Азаматтық форумы өтеді.

Бұл оқиғаның негізгі идеясы Қазақстанның азаматтық қоғамына жаһандық көзқарасы: өткенге үндеу, бүгінді талдау және болашақты болжау болып табылады.

Форумның іс – шаралары гибридті форматта өтеді: алғашқы 3 күн-онлайн, 4-5 күн ішінара оффлайн және онлайн (Алматы қ.), сондай-ақ БАҚ-та, YouTube арнасында, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әлеуметтік желілерінде тікелей трансляция жоспарлануда.

Бір апта ішінде форум шеңберінде онлайн форматта пікірталас алаңдарын, ZOOM арқылы министрлердің азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулерін, шағын гранттар жобаларының тұсаукесерін, ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) сыйлығы мен «Таңдау» сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, бизнес-құрылымдар, квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алаң ұйымдастырылатын болады, онда халықаралық сарапшылар әлеуметтік әріптестікті жүйелі дамытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы ҮЕҰ-ны дамыту идеялары мен көзқарастарымен, Қазақстандағы филантропиялық және қайырымдылық қызметті дәріптеу тәжірибесімен бөлісе алады.

Алдын ала деректер бойынша оффлайн форматта әлеуметтік қашықтық пен карантиндік шараларды сақтай отырып, 150 делегатты шақыру жоспарлануда. Іс-шаралардың онлайн-трансляциясына шамамен 500-600-ден астам қатысушы мен көрермен қатысатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл дәстүр Қазақстанда 2003 жылдан бастап әрбір екінші жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Азаматтық форумдар еліміздің қоғам қайраткерлерін біріктіреді және біздің Республикамыз Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде азаматтық қоғамның айтарлықтай биіктерге жетуіне елеулі үлес қосты.

Социальные медиа
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты