«Түпқараған аудандық үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
Жалғыз тұратын қарттар мен өзге адамның күтімін қажет ететін бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Түпқараған ауданы әкімінің 18.12.2024ж №239 Қаулысымен, «Түпқараған аудандық үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Қазіргі таңда, Түпқараған ауданы әкімдігінің «Түпқараған аудандық үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ның мекен-жайы:
Түпқараған ауданы,
Форт-Шевченко қаласы,
Ораз Бозахаров көшесі,
№ 42 ғимарат,
2 қабатта орналасқан.