🔊 Су тасқынынан эвакуацияланған Атыраулық тұрғындарды Маңғыстау өңіріне көшіру туралы не білеміз?

🔊 Су тасқынынан эвакуацияланған Атыраулық тұрғындарды Маңғыстау өңіріне көшіру туралы не білеміз?
Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығынан ақпарат ұсынамыз:
▪️ Атырау облысы Құлсары қаласынан зардап шеккендерді көшіру жалғасып жатыр. Бейнеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, 6 сәуір сағат 15.00-ге дейін 14 мыңнан астам адам келген. Маңғыстауға көшірілгендердің көпшілігі Бейнеу және Боранқұл ауылдарында түнеп қалды. Қалғандары Ақтауға аттанды. Келгендердің басым бөлігі туыстарына орналастырылды.
▪️Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, өңірде азаматтарды қабылдау үшін 83 мың адамға есептелген 200-ден астам эвакуациялық пункт ашылды.
▪️6 сәуірдегі су тасқынынан эвакуацияланғандарға көмек көрсету үшін Бейнеу қаласына Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері, оның ішінде реаниматологтар, терапевттер мен хирургтар келді.
▪️ Құлсары тұрғыны Маңғыстау облысына барар жолда жедел жәрдем көлігінде босанды. Баланың дені сау. Босану кезінде акушер Гүлзада Қожаниязова көмек көрсетті.
▪️Маңғыстау облысы ТЖД Жаңаөзенде су тасқынына дайындық жүріп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
▪️Ақпараттық қолдау және көмек көрсету үшін тәулік бойы “жедел желі” телефондары жұмыс істейді:
701-707 және 701-708.
Ақтау қаласы бойынша
+7775 437 61 29
+7702 996 38 69.