Атырау облысы Құлсары қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Түпқараған ауданында жедел штаб отырысы өтті

Атырау облысы Құлсары қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Түпқараған ауданында жедел штаб отырысы өтті
7 сәуірде аудан әкімі Рахат Елтизаров төрағалығымен жедел штабтың отырысы өтті. Жиналыс барысында Құлсары қаласында орын алған жайғдайға байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті шараларды қабылдау мәселелері пысықталды.
Қазіргі таңда ауданындағы эвакуациялық пункттер су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қабылдауға дайын. Оның ішінде, Форт-Шевченко қаласы бойынша Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі, Форт-Шевченко мектеп-лицейі, Ақшұқыр ауылында М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназия, Ақшұқыр мектеп-лицейі, Ақшұқыр мектеп-гимназиясы, Сайын Шапағатов ауылдық округінде Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі, Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясы, Баутино ауылында Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы, М.Горький атындағы мектеп-лицейі, Таушық ауылында Шахта жалпы білім беретін мектебі және Қызылөзен ауылында З.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектебі.
Сонымен бірге Сайын Шапағатов ауылдық округінде орын тепкен жеке кәсіпкерлік нысан "Аура" демалыс орны да қабылдауды бастады.
Штаб отырысында Рахат Елтизаров елді мекендердегі ахуалды жіті бақылауда ұстауды, азық-түлік, жанар-жағармай бағаларының негізсіз өсіп кетпеуін қадағалауды ерекше атап өтті.