2024 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ?

2024 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ?

 


-Жұмыс берушілер – қызметкер жалақысының 3% төлейді
25 500 теңгеден аспайды


-Жалдамалы қызметкерлер жалақысының 2% төлейді
17 000 теңгеден аспайдысалық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс


-Дербес төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, яғни

 4 250 теңге


-Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5% төлейді, яғни 5 950 теңге.


-2024 жылдың қаңтарынан бастап БЖТ болмайды


-Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар келесі тәсілдермен сақтандырыла алады:
жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;
жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
2024 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды.
Бірыңғай төлем - жалақыдан ұсталатын 5 төлемді біріктіреді.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
Әлеуметтік төлемдер (ӘТ);
 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС);
 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар;
 Жеке табыс салығы (ЖТС).
 Бірыңғай төлемді жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнес өкілдері, жеңілдетілген декларация бойынша немесе арнайы салық режимдерінде жұмыс істейтіндер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін) төлейді.


- 15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін жарналарды мемлекет төлейді. 2024 жылы бір адамға айына 5852,63 теңге төленеді.

 

 

 

 

 

Тұрғындар МӘМС-те өз мәртебесін қайдан тексере алады?

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  • 1414 байланыс орталығы
  • Damumed мобильді қосымшасы
  • Halyk мобильді қосымшасы
  • BCC.KZ мобильді қосымшасы
  • Kaspi.kz мобильді қосымшасы
  • egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.