Маңғыстауда алғаш рет шинкиокушинкайдан облыстық чемпионат Ақшұқыр ауылында өтті

Маңғыстауда алғаш рет шинкиокушинкайдан облыстық чемпионат Ақшұқыр ауылында өтті
Маңғыстау облысында алғаш рет каратэ шинкиокушинкайдан балалар мен жасөспірімдер, жастар мен қыздар арасында облыс чемпионаты өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған чемпионатқа 200-ден астам спортшы қатысты. Аталған жарыс Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Маңғыстау облысы каратэ шинкиокушинкай
федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының мәслихат төрағасы Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты,Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті, спорт жанашыры Адеков Нұрлыбек Қыдырғалиұлы, Республикалық каратэ шинкиокушинкай федерациясының вице президенті
Ибраев Бақытжан Сағындықұлы,
Республикалык каратэ шинкиокушинкай федерациясы Президентінің кеңесшісі
Кенжебаев Ақмырза Барысұлы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 23-25 ақпанда Атырау қаласында өтетін шинкиокушинкайдан Қазақстан Республикасының чемпионатына облыстан 44 спортшы іріктелді.
Шинкиокушинкай каратэсі - жылдан жылға қарыштап дамып келе жатқан спорттың танымал түрі. Каратэнің бұл түрінде спорттық кездесулер (кумитэ) қорғаныш жабдықтарынсыз, яғни шлемдер мен қолғаптарсыз өтеді. Ойын барысында қойылатын басты талаптың бірі- қолмен соғуға тыйым салынады.
Облыс чемпионаты 16-17 ақпан күндері Ақшұқыр ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті.