АДС-М

АДС-М
АДС-М
Құрамында антигендері азайтылған тазартылған адсорбцияланған сұйық күл-сіреспе анатоксині-екпесі.
Егу күнтізбесіне сәйкес 6 жастан бастап балаларға, ары қарай жасына тәуелсіз әрбір 10 жылда ересектерді ревакцинациялау жүргізіледі.
Қолданылуы; АДС-М – анатоксин - көкжетел, диферия, сіріеспе сияқты аурауларға қарсы адсорбталған тиімділігі өте жоғары вакцина болып табылады.
Жанама әсерлері- АДС-м анатоксині ең төмен реоктогенді препарат болып табылады.Кейбір жеке жағдайларда егу кезінде алғашқы екі тәулікте қысқа мерзімді жалпы температураның жоғарлауы,жергілікті ауыру сезімі,гиперемия,ісік реакциялары болуы мүмкін.
Сирек жағдайда аллергиялық реакциялар (Квинке ісігі,бөртпелер,полиморфты қызару),аллергиялық аурулардың күшеюуі мүмкін.Сол себепті екпеден кейін 30 минут бойы медициналық бақылау жүргізу қажет.
Қарсы көрсетілімдері;
-онкологиялық аурулар
-14 тәуліктен көп мерзімде иммунодепрессанттарды тағайындау немесе сәулелік терапия.егуді емдеу аяқталған соң 1 айдан кейін жүргізеді.
-ұстамалар (діріл)6 айда 1 ұстамадан жиірек болса
-анафилактиқалық шок және энцефалит түріндегі ауыр поствакциналды реакциялар.
Жедел аурулармен ауырған адамдарды жазылған соң 2-4 аптадан кейін егеді.
Неврологиялық өзгерістері бар адамдарды үрдістің өршуі аяқталған соң егеді.
Жүктілік және лактация кезеңінде әйел адамдар бұл вакцинаны егуді кешіктіру керектігін ескерген жөн.
Вакцина еккеннен кейін қандай да бір реакция байқалып жатса тез арада тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша медицина қызметкерлеріне жолығыңыз немесе жедел көмек шақырыңыз.
Вакцинациялаудан бұрын дәрігер тексеруі міндетті түрде жүреді және дәрігердің соңғы тұжырымынан кейін екпе күнтізбесі бойынша екпе жүргізіледі.
Ересектерді вакциналау кезінде,егілетін адамдарды алдын –ала таңдап,дене қызуын өлшеп,вакцинация жүргізетін медицина қызметкерлері олардан сұрау өткізеді.
Қазіргі уақытта вакцинация жүргізудің нәтижесінде соңғы жылдары дифтерия тіркелінбеген.