Тұрғын үй кезегіне кімдер тұра алады?

Тұрғын үй кезегіне кімдер тұра алады?
🏠 Тұрғын үй кезегіне кімдер тұра алады?
1️⃣ Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1.1 Жетiм балалар;
1.2 Көпбалалы отбасылар;
2️⃣Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтары:
▶️ Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
▶️Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
▶️Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
▶️1 және 2 топтағы мүгедектер;
▶️ мүгедек балалары бар отбасылар;
▶️ кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
▶️зейнеткерлер;
▶️ қандастар;
▶️ экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
▶️мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, қаза тапқан адамдардың отбасылары;
▶️ толық емес отбасылар.
3️⃣Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер;
4️⃣Жалғыз тұрғын үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
🏠Тұрғын үй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар қажет?
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)✅
Кезекке тұру үшін құжаттарды қайда тапсыру қажет?
🪩 kezekte.kz сайты арқылы онлайн өтінім бересіз ☑️
Тұрғын үйге кезекке қою үшін
📲 8 (72938) 23 -1 -58