Түлеген түбек Түпқарағаннан, сәлем!
Маңғыстау ауданындағы Түпқараған ауданының мәдени күні аясында аудан өнерпаздарының мерекелік концерті өтті.
Сахналық көріністен бөлек ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Берік Саденов, Дариға Уәлиева, Айманкүл Ботабаева, Жамалхан Жанғожаева, Нұргүл Жақсыбаева және Роза Жапақова өз бұйымдарын ұсынды.
Мерекелік шарада құттықтау сөз алған Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров Маңғыстау ауданының мерейтойымен құттықтады.
- Маңғыстау ауданының 95 жылдық мерейтой құрметіне ұйымдастырылған мәдени күніміздің қорытынды мерекелік концертіне қош келдіңіздер! Бүгін Түпқараған ауданының Маңғыстау ауданындағы мәдени күнінің қарсаңында өткен барлық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, ел бірлігіне бастар игі істердің ұйытқысы болғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді аудан әкімі өз сөзінде.
Сонымен қатар Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов өз сөзінде сәлеммен келген түпқарағандықтарға алғысын айтып, ықыласын жеткізді.
Одан әрі мерекелік концерттік бағдарлама ән-жыр айтып, мың бұралған бишілердің өнерін тамашалаумен жалғасын тапты.
Маңғыстау ауданының 95 жылдық мерекесіне орай Түпқарағаннан 95 қоржын үйлестірілді. Барша атсалысқан азаматтарға және "Карат" ЖШС басшылығына алғыс білдіреміз