Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы Түпқараған ауданының жұртшылығымен кездесті
Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында Оразкүл Асанғазықызымен "Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие" атты кездесу өтті.
Отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттау, жастарды ана тілін дамытуға шақыру, қазақ тілінің дәрежесін көтеру мақсатында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев, ардагерлер, білім беру ұйымдарының жас мамандары мен жастар және қала тұрғындары қатысты.
Оразкүл Асанғазы бүгінде қоғамның өзекті мәселесіне айналған ажырасу жайы мен отбасы құндылықтарын айтып, қатысушыларға ерекше әсер етті. Ұлтын ұлықтаған азамат жастарды өз елін-жерін сүюге, мемлекеттік тілде әрқашан сөйлеуге шақырды.
Кездесу соңында Талғат Алтынғалиев құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімінің алғысын табыстады.
Іссапар барысында Оразкүл Асанғазықызы Мұрын жырау Cеңгірбекұлы атындағы музейімен танысты.