АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА БЕРІЛЕТІН ШАҒЫН НЕСИЕ (2,5%)

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА БЕРІЛЕТІН ШАҒЫН НЕСИЕ (2,5%)
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА БЕРІЛЕТІН ШАҒЫН НЕСИЕ (2,5%)
Жобаның мақсаты ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, ауыл халқының әлеуетін көтеру және ауыл шаруашылығы саласын дамыту.
Бөлінген қаражат және берілетін пайыз мөлшері:
Ағымдағы жылы «Ауыл халқының табысын арттыру» пилоттық жобасын Маңғыстау облысында іске асыру мақсатында, іріктелген ауылдық округтерге 2,5% пайызбен шағын несие беру жоспарлануда.
Несие беру мерзімі:
1) Негізгі микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін;
2) Мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін.
Микрокредиттің ең жоғары сомасы:
1) Жеке кәсіпкерлерге (жаңадан құрылған) – 8,6 млн. теңгеге дейін;
2) Кооперацияны дамытуға (тек кооперацияларға) – 27,6 млн. теңгеге дейін.
Негізгі талаптары:
1) Кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы;
3) бизнес-жобасының болуы.
4) Атаулы әлеуметік көмек алатын отбасылар немесе жұмыссыз болып тіркелген азаматтар.
Микрокредит алу үшін құжаттар тізбесі:
1. Өтініш;
2. Жеке басты куәландыратын құжат;
3. Кредиттік тарих;
4. Субъектінің барлық мәліметтерді беруге және алуға келісімі;
5. Бизнес-жоспар;
6. Қарыз алушының уәкілетті органының микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі;
7. Ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі кепіл берушілердің келісімі;
8. Қызмет көрсететін банктен шоттың бар екендігі туралы анықтама;
9. Несиелік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);
10. Қарыз алушының жалақысын және/немесе өзге де кірістерін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорының үзінді көшірмесі);
11. Бағалау туралы есеп;
12. Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
Айта кетейік, «Ауыл халқының табысын арттыру» пилоттық жобасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» № 47 бұйрығы негізінде іске асады.
Микрокредит мүмкіндіктері мал шаруашылығы саласында мал санын көбейтуге, егін шаруашылығында егін өнімдерін егу жобаларын іске асыруға (тыңайтқыштар, тұқымдар, техникалар сатып алу арқылы), жылыжай кешенін салуға және ауыл шаруашылығы техникаларын, жабдықтарын, цехтарын (оның ішінде сүт және ет өнімдерін өңдейтін цехтар), сондай-ақ т.б. жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бизнестер ашуға мүмкіндіктер береді.
Ол үшін жоғарыда аталған құжаттарды жинақтап, ауыл әкімдіктері арқылы «Каспий» ӘКК» ақционерлік қоғамына түпнұсқаларымен көшірмелерін тапсыру арқылы 2,5% несие алуға өтінімдер жолдай алады.