
ДЕЗИНФЕКЦИЯ
🧴Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Коронавирустық инфекциядан халқымызды барынша сақтау мақсатында Таушық ауылының адамдар көп шоғырланатын "Кездесу" аялдамасындағы 4 асханаға, 2 газ құю бекетіне және 8 әлеуметтік нысанға, 10 кәсіпкерлік нүктесіне, Қазпочта бөлімшесінің ғимаратына, Ардагерлер үйіне, "Өркен" тігін шеберханасына, "Таушық ауыл шаруашылығы" ЖШС ғимаратына арнайы қоспалар арқылы дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Өзіңізді және отбасыңызды аман сақтап үйде болуға шақырамыз.