Микрокредит алу үшін үміткерлер «Аграрлық несие корпорациясына» келесі құжаттарды ұсынады.

Микрокредит алу үшін үміткерлер «Аграрлық несие корпорациясына» келесі құжаттарды ұсынады.
Микрокредит алу үшін үміткерлер «Аграрлық несие корпорациясына» келесі құжаттарды ұсынады.
1) Жеке куәлік
2) Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген анықтамасы
3) Жолдасының жеке куәлігі және неке туралы куәлігі (болған жағдайда)
4) Egov.kz порталынан алынған зейнетақы қоры туралы анықтама
5) Жұмыс орнынан жалақысын растайтын анықтама (жұмыста болған жағдайда)
6) Бизнес жоспар
7) Мал шаруашылығы саласы бойынша несие алатын болса мал сатқан және сатып алушыдан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасынан анықтама
😎 1. Айналым жөніндегі үзінді (Выписка по оборотам),
2. ЖК Шоттың бар екендігі туралы анықтама (Справка о наличии счета ИП),
3. Картотека2 бойынша қарызы жоқтығы туралы анықтама (справка об отсутствии задолжности по картатеке2). Барлығы келесі банктерден алынады: Халық банк, БанкЦентрКредит, ФортеБанк, Жусан банк.
9) Салық комитетінен берешегінің қарызы жоқтығы туралы анықтама
10) Egov.kz порталынан еш жерде кепілдікте жоқ екендігі туралы анықтама (форма №2)
11) Үйге бағалау туралы есеп (Оценка).
«Аграрлық несие корпорациясы» микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін тексеру мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттармен тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда «Аграрлық несие корпорациясы» қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.
«Аграрлық несие корпорациясы» конкурстық комиссиясы барлық қажетті құжаттарды қоса және олар микрокредит беру талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беруді мақұлдау не бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Микрокредиттер беру тәртібі, микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі шарттары, тәсілдері, үміткерлердің санаттары, қарыздардың мерзімдері мен сомалары «Агронесие корпорациясы» шешімімен белгіленеді және кредиттік шартта көрсетіледі
Микрокредит беру мақұлданған жағдайда «Аграрлық несие корпорациясы» үміткермен микрокредит беру туралы шартқа қол қояды, содан кейін микрокредитті оның ағымдағы шотына аударады. Несие алғаннан кейін жеңімпаз шағын несиені мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттарды ұсыну керек.