Аудан әкімі атынан ауызашар берілді
Бүгін Түпқараған аудандық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан тұрғындарға арнап аудан әкімі атынан дастарқан жайып, ауызашар берілді.
Аудан басшысы жиналғандарды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, изгі ниетін жеткізді.
- Рамазан – барша мұсылман қауымы үшін ерекше ай екені белгілі. Әркез халқымыз ата-баба салтына сай дархан көңілдерін, ризашылық ниеттерін дастарқан жаю арқылы жеткізеді. Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, ауданымыздың әлеуеті арта берсін, деді Р. Елтизаров.
Ел ағалары елді бірлікке бастайтын мағыналы ойларын айтып, Рамазан айымен құттықтады. Ардагерлер батасын беріп, "Оразадан оразаға жете берейік" деген тілек білдіріп, ризашылықпен тарқасты.