ЖАДЫНАМА

ЖАДЫНАМА

ЖАДЫНАМА

Карантин режимі уақытында Маңғыстау облысының аумағында қандай көліктердің қозғалысына рұқсат беріледі?

Жедел жәрдем, полиция, авариялық-құтқару және өзге де коммуналдық (жылу, газбен қамту, су және энергиямен жабдықтау, тазалық, қоқыс жинау) қызметтердің, интернет байланысы мекемелерінің көліктеріне;

Стратегиялық нысандардың көліктеріне;

Сауда нүктелеріне азық-түлік және тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жеткізуші, дәріханаларға дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды тасымалдаушы арнайы жасақталған көліктерге (рұқсат қағазы болуы қажет);

Карантин режимін қамтамасыз етуші мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдай қызметтерінің, арнайы органдар мен әскери ұйымдардың, кәсіпкерлер палатасының қызметтік көліктеріне (мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, журналистерге (мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);

КСК қызметінің көліктеріне (саны 15-тен көп емес, арнайы әкімдіктің тізім бойынша);

Эвакуатор және почта қызметінің көліктеріне (мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);

Күзет агенттіктерінің, инкассаторлардың арнайы көліктері;

Өнеркәсіптік жүк тасымалдаушы көліктер мен құрылыс материалдарын тасушы көліктерге (кедергісіз қозғалу);

Ресми тіркелген такси қызметіне (сағ. 06:00 – 21:00 аралығында).

Ескерту: басқа жағдайларда облыс тұрғындары мен қонақтарына жеке және қызметтік көліктерімен сағат 06:00 – 10:00 және 17:00 – 21:00 аралығында жүруге рұқсат етіледі!