СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

Осы орайда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Калидуллаевна Нургалиева «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында жиын өткізді.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет екендігін барша қызметкерлерге түсіндірді.

 

Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Калидуллаевна Нургалиева