Сегізінші сайланған аудандық мәслихатының төрағасы болып Айсағали Жаңғожаұлы Нұғманов сайланды

Сегізінші сайланған аудандық мәслихатының төрағасы болып Айсағали Жаңғожаұлы Нұғманов сайланды
Сегізінші сайланған аудандық мәслихатының төрағасы болып Айсағали Жаңғожаұлы Нұғманов сайланды
Бүгін аудан әкімі Рахат Елтизаровтың қатысуымен сегізінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының бірінші сессиясы болып өтті.
Сессия алдындағы мәжілісті Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Ақкенже ашып, жүргізді. 2023 жылы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мәслихат депутаттарының сайлау қорытындысымен таныстырды. Әр округтен сайланған халық қалаулары, аудандық мәслихаттың 12 депутатына депутаттық куәлік пен төсбелгі табыстады.
Сессияның күн тәртібіне енгізілген сұрақтар бойынша сегізінші сайланған аудандық мәслихатының төрағасына ашық дауыс беру арқылы депутат Айсағали Жаңғожаұлы Нұғманов сайланып, сессия отырысын жүргізді.
Сессия отырысында «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау туралы», «Аудандық мәслихатта «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын құру және олардың жетекшілерін сайлау туралы», «Сегізінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы», «Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оны ұстауға, әрі материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстар туралы» шешімдер қабылданды.
Жетінші сайланған аудандық мәслихат депутаттарына Аудан әкімі атынан алғыс хат табысталды.
Сессия жұмысына аудан әкімі аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауыл әкімдері, аудан әкімдігіне қарасты бөлім және мекеме басшылары қатысты.