Қоғамдық қабылдау өтті

Қоғамдық қабылдау өтті
Қоғамдық қабылдау өтті
29 наурызда Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі мәселелер туралы аудан әкімінің орынбасары Саламат Ильджанов және Маңғыстау облыстық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Дайрабай Үсіпбаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар "Елді мекендер аумағында объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, кәсіпкерлік мақсатқа жер учаскесін алу мәселелерін көтерді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге қолданыстағы заң шеңберінде кеңестер беріліп, мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.
Жеке қабылдауға Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі Сайран Киікбай, аудандық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Данияр Айтбергенов, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыру бөлімінің басшысы Айбек Даңшабаев, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ақшұқыр ауылдық филиалының қызметкерлері және жауапты мамандар қатысты.