Түпқараған ауданы әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Бүгін аудан әкімі Рахат Елтизаровтың төрағалығымен шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті
Күн тәртібінде Түпқараған ауданы бойынша шекаралық аймақ жағдайы және оның дамуының тенденциялары, табиғат пайдаланушылардың теңізге шығу құжаттарын рәсімдеу мәселелелері қаралды.
2022 жылы браконьерлік қызметке қарсы іс-қимыл шеңберінде шекара заңнамасын бұзушылар саны 106 болды. Оның ішінде, 65 аумақтық және ішкі су режимін бұзушылар (борттық номерлер мен құжаттардың болмауы, түнгі уақытта шығу, биоресурстарды заңсыз аулау), 35 шекаралық режимді бұзушы, яғни, шекаралық аймақта жеке басын куәландыратын құжаттың болмауы, 3 әскери қызметшінің талабына бағынбау, 5 болу ережелерін бұзу, 1 мемлекеттік шекара режимін бұзу фактілері тіркелген.
Шекара қызметі ауа райының қолайсыздығы салдарынан келеңсіздікте тап болған жағдайда балықшыларды құтқару жағдайы қарастырылған.
Жиында баяндамашының сөзі тыңдалып, ұсыныстар айтылып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар тапсырма берілді.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Б. Әзірханов, құқық қорғау органдарының басшылары, қала, ауыл әкімдері мен балықшылар және жауапты мамандар қатысты.