ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Түпқараған ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы №561 Заңының 33 бабына сәйкес, 2022 жылдың тамыз айының 1 – 30 күндері аралығында әскери оқу–жаттығу жиыны өткізілуіне байланысты, барлық мерзімді әскери қызмет атқарған аудан азаматтарын әскери оқу–жаттығу жиынына қатысуға шақырамыз.
 
Әскери оқу–жаттығу жиыны Ақтау қаласындағы 25 шақырым жерден әскери бөлімде 2022 жылдың 1 – 30 тамыз аралығында өтеді.
Әскери жиын кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға мемлекет есебінен орташа жалақы (272968тг), ал жұмыссыздарға ең төменгі жалақы (60000 тг) төленеді.
 
ӨЗДЕРІМЕН БІРГЕ АЛЫП КЕЛУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
 
1.Жеке куәлік;
2.Жұмыс орнынан анықтама (жұмыс жасамайтындар үшін жұмыспен қамту орталығынан анықтама);
3.6 айға айлық жалақысы жөніндегі анықтама;
4.Әскери билет;
5.Соттылығы жоқ екендігі жөніндегі анықтама;
6.Диспансерлік есепте тұрмайтыны жөніндегі анықтама;
7.Әскери міндеттіге тиесілі банктік карточканың 20 сандық нөмері;
8.Медициналық карта.
 
Мекен – жайы: Түпқараған ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (военкомат), Еркеғұлов көшесі, №2 ғимарат.
 
Байланыс телефондары: 8/72938/2 – 21 – 64, 50 – 5 – 15.