Салематсыздар ма, Құрметті салық төлеушілер

   Салематсыздар ма, Құрметті салық төлеушілер

                    Салематсыздар ма, Құрметті салық төлеушілер.

Мен Борыштармен жұмыс басқармасының бас маманы Қосарбаева Ақмарал Амангалиқызымын.

       Бүгінгі қысқаша түсіндіріліп өтетін тақырып, салық төлеу мүмкін еместігінің объективті себептері болған жағдайда, мемлекет мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді қарастырған. Бұл рәсім туралы: қандай себептер бойынша және қандай кезеңге салық қарыздарын төлеу бойынша мерзімді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге болатыны туралы қысқаша түсіндіріп өтетін боламын. 

Салықтар мен төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу Салық кодексінің  51-бабына сәйкес, төлемдер сомасын бір жолғы немесе кезең-кезеңмен төлей отырып жүзеге асырылады.

Салық немесе төлем сомаларын біржолғы төлей отырып кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Салық немесе төлем сомаларын тең үлестермен ай сайынғы немесе тоқсан сайын төлей отырып бөліп төлеу, үш жылдан аспайтын мерзімге дейін беріледі.

Салықтар бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша салық органына 3 жылдан (36 күнтізбелік ай) аспайтын мерзімге өтініш бере отырып алуға болады. Өтініш ерікті нысанда, ауыстыру себебін көрсете отырып беріледі.

 

Салықтар бойынша мерзімін кейінге қалдыруды салық төлеушінің өзінің мүлкін немесе үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы, сондай-ақ банк кепілдігі бойынша алуға болады.

Мемлекеттік кірістер органдарының Салықтар бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі банк кепілдігі бойынша келесідей талаптарға сәйкес жүргізіледі.

  1. Банк кепілдігі қайтарып алынбайтын болуы тиіс.
  2. Банктік кепілдігінің қолданылу мерзімі банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салық төлеушінің салық және төлемдер төлеу бойынша міндеті белгіленген орындау мерзімі өткен күннен бастап алты айдан аспай біту тиіс.
  3. Банк кепілдігі берілген сома кепілгердің салық және (немесе) төлемдер төлеу бойынша салық төлеушінің міндеттерін толық көлемде орындауын қамтамасыз етуі тиіс.

Шарт  - банк және салық төлеушінің арасында кепілгерлік жасасқаннан кейін, 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, салық төлеу мерзімдерін ауыстыру туралы хабарламамен салық төлеушінің тіркелу орны бойынша салық органына жүгіну қажет. Өтінішке банк кепілдігінің шартын қоса тіркейді.

2-ші, салық төлеушінің немесе үшінші тұлғаның мүлкі есебінен  

Кепілдігіне салықтарды төлеу мерзімдерін ауыстыру ұсынылатын мүлік өтімді болуы, яғни нарықта сұранысқа ие болуы тиіс.
Алдын ала, бірақ мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініш берген күннен 15 күнтізбелік күннен ерте емес уақытта, салық төлеушіге мүлікті бағалау құжатын жасақтау қажет.

  • Жоғалу немесе зақымданудан сақтандырылулы болу тиіс.
  • Нарықтық құны салықтар және өсімпұлдар сомасынан аз болмауы тиіс.

Сонымен қатар, Кепілге алынбайтын заттар олар: келесідей

  • өмірді қамтамасыз ету объектілері;
  • энергияның электр, жылу және өзге де түрлері;
  • тұтқындалған мүлік;
  • мемлекеттік органдардың шектеулері бар мүлік;
  • үшінші тұлғаның құқықтық таласы бар мүлік;
  • жылдам бұзылатын шикізаттар, тамақ өнімдері;
  • мүліктік құқықтар.

Кепілгерлік шартты жасасқаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, салық төлеу мерзімдерін ауыстыру туралы өтінішпен салық төлеушінің тіркелу орны бойынша салық органына жүгіну қажет.  Өтінішке кепіл шарты және кепілдік мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушы шартының есебі қоса беріледі.

Мемлекеттік кірістер органдары Салық төлеушіден қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін салық органы 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей салықтарды төлеу мерзімдерін ауыстыруда мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешімді қабылдайды. Салық міндеттемелері бойынша мерзімін кейінге қалдыруды мақұлдаған жағдайда салық төлеушіге  салықтарды төлеу, сондай-ақ өтеу кестесінің мерзімдерін өтеу туралы шешім шығарылып беріледі.

 

 

          Түсінбеген немесе қосымша ақпараттар алғыңыз келсе 30-13-10 ішкі номер 1015 және 1160, Мемлекеттік кірістер департаментінің 215 және 406 кабинетіне хабарлассаңыздар болады.