ТҮПҚАРАҒАНДА МҰРЫН ЖЫРАУ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

ТҮПҚАРАҒАНДА МҰРЫН ЖЫРАУ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Түпқараған ауданына барды. Өңір басшысы Форт - Шевченко қаласында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі аясында «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы» музейінің ашылу салтанатына қатысты.
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қорының бір бөлігі болып табылатын музейде жыраудың барлық шығармашылығы жинақталған. Сонымен қатар, «Қырымның қырық батыры» жырын тұтастай жырлап өткен көрнекті суырып салма ақынның өмірі мен шығармашылығынан алынған бірегей экспонаттар қойылған. Мұражай Мұрын жыраудың өзі тұрған үйдің жанында тұрғызылған. Үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол мұражайдың тағы бір көрнекті жері ретінде пайдаланылады.
Аймақ басшысы аудан тұрғындарын еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңадан ашылған нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
 
«Бұл музейдің тек Маңғыстаулықтар емес, бүкіл республикаға рухани асыл мұрамыз ұлық жыршы Мұрын Жырау Сеңгірбекұлының және осы жырау атымен ұлықталған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің түркі мәдениеті тарихында алатын орны ерекше және құндылықтарымызды насихаттау болып табылады.
 
Музей ұжымына өңір тарихының жанашыры болып, мәдениетіміздің дамуына жәдігерлер қорының толыға беруін тілеймін. Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!» - деді облыс әкімі.
 
Бұдан кейін аймақ басшысы Форт-Шевченко қаласындағы су жинау иммаратының қайта құрлымдаумен 1000 кубтық 2 су қоймасы мен су тұшыту қондырғысының жұмысымен танысты. Су жинау имаратын қайта құрылымдау жұмыстары 2019 жылы басталып, биыл желтоқсан айында іске қосылды. Бүгінде Форт-Шевченко қаласын 100% ауыз сумен қамтамамыз етуге дайын.
 
Сонымен қатар бүгін Облыс әкімі С.Трұмовтың қатысуымен Форт-Шевченко қаласында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында теңіз жағалауында абаттандырылған жағалау іске қосылды. Жаңа жағалауда 20 мың шаршы метр жерге халық демалатын орын салынған. Жаяу жүргінші жолы, веложол, авто тұрақ футбол және волейбол алаңдары, балалар ойын алаңдары мен Workout алаңдары бар.