
Құрметті аудан тұрғындары мен қала қонақтары!
2026 жылғы 20-29 сәуір аралығында аудан аумағында әскери-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтеді.
Оқу-жаттығу барысында әскери техника мен жеке құрамның қозғалысы күшейтіліп, кейбір аумақтарда уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар, оқу-жаттығу шеңберінде шартты дабыл белгілері, дыбыс эффектілері қолданылуы ықтимал.
Осыған байланысты тұрғындардан сабырлық сақтап, түсіністікпен қарауды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз. Белгіленген шектеулерге бағынуларыңызды, арнайы қызмет өкілдерінің заңды талаптарын орындауларыңызды өтінеміз.