Форт-Шевченко қаласының әкімi сайланды

Форт-Шевченко қаласының әкімi сайланды
Форт-Шевченко қаласының әкімi сайланды
“Қазақстан Республикасының сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Айбек Амангелдіұлы Даңшабаев Форт-Шевченко қаласының әкімі лауазымына сайланды.
Айбек Даңшабаев – 1992 жылы 5 шілде күні Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Көлік, көліктік техника және технологилары» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014-2015 жж Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ маман болып бастады.
2016 жылы «Енка Иншаат ве Санаи А Ш» мекемесінде арқандаушы;
2016-2017 жылдары «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ инспектор;
2017-2022 жылдары «Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маман қызметін атқарды;
2022-2024 жылдары Түпқараған ауданы әкімінің аппараты ММ көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыру бөлімінің басшысы;
2024 жылы Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
2024-2025 жылдары Форт-Шевченко қаласы әкімінің орынбасары;
2025 жылдан бастап осы күнге дейін Түпқараған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімшесінің басшысы лауазымында болды.
А. Даңшабаевқа Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулеткерей Меңдіханов қызметтік куәлігін табыстады.
Қала ардагерлері мен тұрғындары сөз алып бұрынғы әкімдердің қызметіне тоқталып, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан басшысы Ержан Күмісқалиев жаңадан сайланған әкімнің алдындағы негізгі міндеттерін айтып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.