
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Меңдіханов Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Ата Заң және сайлау – азаматтық қоғамның негізі» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен сайлау жүйесінің маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру. Көрмеде Ата Заң, сайлау туралы заңдар, танымдық материалдар мен ақпараттық басылымдар ұсынылды.