
Дүниежүзілік сайлау күніне орай сайлаудың мұражайдағы бір күні өтті. Дүниежүзілік сайлау күніне орай Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Меңдіханов Әбіш Кекілбайұлының атындағы Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейі Түпқараған аудандық филиалында: «Ата Заң және сайлау: азаматтық қоғам негізі» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде тарихи кезеңнің тынысын сездіретін жәдігерлер – сол дәуірде қолданылған жазу машинкасы, түрлі радиоқұралдар, көне газеттер мен көптеген жәдігерлер қойылды.
Бұл көрме келушілерге еліміздің құқықтық негіздерінің қалыптасу тарихына шолу жасап, азаматтық қоғам құндылықтарын дәріптеуді мақсат етті.