
Дүниежүзілік сайлау күніне орай ақпараттық -түсіндіру дәріс өтті.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сайлау заңнамасы және заң үстемдігі қағидаты» атты тақырыбында ақпараттық -түсіндіру дәріс ұйымдастырылды.
Бұл күнді атап өту дәстүрі 2005 жылы Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының (ЕЕСҰҚ) бастамасымен басталды және оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдады.
Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі, өйткені Халықаралық сайлау туралы келісімдерге ақпан айының басында қол қойылды.
5 ақпанға сәйкес келетін Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Меңдіханов Түпқараған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен «Сайлау заңнамасы және заң үстемдігі қағидаты» атты тақырыбында ақпараттық -түсіндіру дәрісін өткізді.