Ақшұқыр ауылының әкімі сайланды

Ақшұқыр ауылының әкімі сайланды
Ақшұқыр ауылының әкімі сайланды
“Қазақстан Республикасының сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Шайхиев Асхат Қуантұрұлы Ақшұқыр ауылының әкімі лауазымына сайланды.
Асхат Қуантұрұлы – 1993 жылы Ақшұқыр ауылында дүниеге келген. Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 2016 жылы ветеринарлық санитария мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 2016-2017 жылы Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясында терапевт болып бастаған. 2017-2018 жылдары Қызылөзен, Ақшұқыр селолық ветеринарлық станцияларында ветеринар-фельдшер, Түпқараған аудандық ветеринарлық станциясында эпизоотолог-мал дәрігері, 2018-2020 жылдары ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық филиалында лаборант, ветеринарлық дәрігер, 2020-2022 жылдары Маңғыстау облысының ветеринария басқармасында бас маман, 2022-2025 жылдары Маңғыстау облысының ауылшаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы, ветеринария бөлімінің басшысы, ветеринарлық қауіпсіздік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
А. Шайхиевке Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулеткерей Меңдіханов қызметтік куәлігін табыстады.
Аудан басшысы Ержан Күмісқалиев активке жаңадан сайланған әкімнің алдындағы негізгі міндеттерін айтып, А. Шайхиевке ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.
Ауыл ардагерлері сөз алып бұрынғы әкімдердің қызметіне тоқталып, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.