Хабарландыру
«Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 29 шілде күні Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, аудан әкімдігі ғимараты мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстың өтетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:
№1 лот. «Форт-Шевченко-Баутино (Аташ)-Форт-Шевченко».
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзгеде заңды негіздерде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының» талаптарына сәйкес келетін автомобиль құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі №2 ғимарат мекен-жайына ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2024 жылдың 26 шілде.
2024 жылдың 03 шілде күні Комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөніндегі конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
Анықтама телефоны: 8 72938 23-1-56
Төреева Қаным Қыдырбайқызы 1960 жылы 8 қыркүйекте Форт-Шевченко қаласы Аташ елді мекенінде жұмысшы отбасында дүниеге келген.1968 жылы Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебінде білім алып 1978 жылы бітіріп шықты .Еңбек жолын 1979 жылы Ералы поселкасында орталық кітапханада кітапханашы болып бастайды.1993 жылдан бастап Түпқараған ауданы әкімі аппаратында 1994-1996ж аралығы маман.1995-1997жыл аралығында 1 санатты маман.2000-2020 жыл бас маман болып қызмет атқарды.Мемлекеттегі қызмет өтілі 32 жыл.2021 жылдан бастап зейнеткер.
Кадирова Күмісхан Айсақызы 1958 жылы Манғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласы, Баутино поселкісінде жұмысшы отбасында дүниеге келген.
1966ж Баутин атындағы орта мектепті бастап 1976 жылы бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1977 жылы Форт-Шевченко қаласы байланыс торабында телефонистика, Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі,қалалық соттың мәжіліс хатшысы болып қызметтер атқарды. 1992-1995жж аралығында Маңғыстау педогогикалық колледжін мектепке дейінгі тәрбие мамандығын бітірген .1993 жылдан бастап Түпқараған ауданы әкімдігінде 2005жылға дейін Аудан әкімдігінде хатшы, 2005-2006 жыл аралығында жетекші маман , 2006-2017жылдан бас маман болып қызмет атқарды.Мемлекеттегі қызмет өтілі 21 жыл . 2017жылдан бастап зейнеткер .
Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.
Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді.Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және "ҰАТ" АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.
Қызмет алушылар жүгінген кезде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы сатушы мен сатып алушы туралы, сондай-ақ көлік құралы жайлы мәліметтерді жүйеге енгізеді. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде мәміленің электрондық жазбаша нысанын қалыптастырады және экранға QR код шығарылады. Оны сканерлегеннен кейін, автокөлікті сатушы және сатып алушы тараптар құжатпен танысып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады.
Сондай-ақ, ұйымның мүдделерін білдіруге сенімхаты және ЭЦҚ пайдалану құқығы бар заңды тұлғалардың өкілдері үшін де бұл процесстің аналогыeGov business қосымшасы арқылы қолжетімді.
Осы тұста, көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша нысанын қабылдау ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ҚР ІІМ көлік құралдарын тіркеу және есепке алу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.
“Түпқараған ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде ішкі талдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
«Баутин ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, «Әкімшілік - аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы
№ 211 бұйрығы және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Баутин ауылының атауын өзгертуге байланысты, ағымдағы 2024 жылдың 11 шілде күні сағат 15.00-де Баутин ауылы, Ж. Мыңбаев мектеп-гимназиясында жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіндігін хабарлайды.
«Баутин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі