Маңғыстауда мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі өзгерді
Биыл Маңғыстауда 1 шілдеден бастап «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарына қызметкерлер жаңа ережемен қабылданады.
Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау
рәсімін жеңілдету, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің барынша
ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырмасына орай, Агенттік
мемлекеттік қызметке іріктеудің автоматтандырылған алгоритмін әзірледі.
Бұл ретте, конкурстық рәсімді өткізуде толық цифрландыруды көздейтін
«eqyzmet.gov.kz» порталы әзірленді.
Сәйкесінше, конкурстық рәсімнің барлық кезеңдері онлайн түрде
қашықтықтан (24/7 – әңгімелесуден басқа) өткізіледі, оған азаматтар әлемнің
кез келген нүктесінен және қалаған уақытында қатыса алады.
Жаңа іріктеу жүйесі пилоттық сынақтан 2023 жылдың 1
наурыздан бастап 5 мемлекеттік органда басталды. Өз кезегінде, сынақтан
өткізу 2024 жылдың 1 ақпынан бастап қайта ұзартылып, мемлекеттік
органдардың саны 22 ұлғайды.
Үміткерлерге мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде
анонимділікті қамтамасыз ету үшін ID-нөмір беру көзделген.
Сондай-ақ «адами фактордың» ықпалын болдырмау үшін конкурс
рәсімнің ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді.
Осылайша, жаңа іріктеу форматына сәйкес конкурстың қорытындылары
ақпараттық жүйемен дербес шығарылады.
Тестілеу жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің
саны екі есеге, яғни 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Бұл ретте,
азаматтар тестілеу залдарына бармай-ақ, өзіне ыңғайлы уақытта және кез-
келген жерде онлайн тапсыра алады.
Тестілеуде шекті мәнді еңсермеген қатысушылар тестілеуге үш күннен
кейін және тестілеу тәртібін бұзған жағдайда бір айдан кейін қайта
жіберіледі.
Тестілеуден сәтті өткен қатысушылар порталға тіркеліп, өздеріне
қатысты деректер мен құжаттарды енгізе отырып, бос орындарға таңдау
жасай алады.
Яғни, мемлекеттік органға ешқандай құжат жолдамайды.
Ұлт зиялысы Ә.Бөкейхановтың «Ұлтына, жұртына қызмет ету –
білімнен емес, мінезден» деп атап өткендей, қазіргі таңда мемлекеттік
қызметке қоғамның талабына сәйкес келетін кәсіби мамандарды тарту аса
маңызды болып табылады.
Осы орайда, қатысушылардың құзыреттері мен қабілеттерін
бағалауына басымдық беретін жаңа іріктеу жүйесі келесі кезеңдерді
қамтиды:
Бірінші, жеке қасиеттерді бағалау. Бұл кезеңде жалпы 130 сұрақтан
тұрады. Өту мәні жауаптардың растық деңгейі 50% кем болмауы тиіс.
Қатысушылардың нәтижелеріне қарай 1-ден 2-баллға дейін беріледі.
Осы кезеңнен сәтті өткен үміткерлер екінші кезең мәтіндік және
сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалауға жіберіледі.
Аталған кезеңде әрқайсысы 25 сұрақтан тұратын екі блокты құрайды,
барлығы 50 тапсырма беріледі. Өту шегі барлық 50 сұрақтың 10 дұрыс
жауабын құрайды.
Қатысушылардың көрсеткен нәтижелеріне қарай 1-ден 5-ке дейін балл
беріледі.
Осы кезеңнен кейін үміткерлердің жалпы санының
жартысы, бірақ кемінде үшеуі эссе жазу кезеңіне жіберіледі. Егер эссе
жазу кезеңі қарастырылмаса, онда үш қатысушы әңгімелесуге жіберіледі.
Үшінші кезең - эссе жазу.
Бұл басшылық лауазымдар үшін (А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1,D-1, D-O-
1, D-R1, E-1, E-R-1, санатына) міндетті кезең. Өзге лауазымдар үшін осы
кезеңді қарастыру мемлекеттік органның өзі айқындайды. Мемлекеттік
органның кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырады, ол
жүйеде орналастырылады және жүйемен кандидаттың жеке кабинетіне
жіберіледі.
Эссені үміткер жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы
уақытында, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес жазады және мемлекеттік
немесе орыс тіліндегі екі жүз сөзден аспайды.
Осы кезеңде конкурстық комиссия қатысушыларға 0-ден 5-ке дейін
балл аралығында бағалайды. Шекті мән кемінде 3 баллды құрайды.
Соңғы төртінші кезең мемлекеттік органның
конкурстық комиссиясында әңгімелесу:
Конкурстық комиссия құрамының үштен бір бөлігі бос лауазымның
функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жыл жұмыс тәжірибесі
бар бағалаушылардан тұрады. Әңгімелесу жүйемен үміткердің жеке
кабинетіне жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде
жүргізіледі. Үміткерге бос лауазым бойынша және алдыңғы жұмыс
орындарының қызметтік функционалдық бағыттарына сәйкес жеке
қасиеттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қойылады.
Яғни, заңнамада көрсетілген нақты талаптар бойынша кәсіби сұрақтар
қойылмайды. Әңгімелесу қорытындысымен конкурстық комиссия
қатысушыларға 0-мен 3-балл арасында баға енгізеді.
Нәтижесінде конкурс жеңімпазы барлық кезеңдердің
қорытындысы бойынша жүйемен анықталады.
Бұл ретте, әңгімелесу кезеңіне жалғыз үмітер қатысып оның нәтижесі 1
баллдан кем болған жағдайда конкурс жеңімпазы анықталмайды.
-Атап өту қажет, қолданыстағы іріктеу жүйесі бойынша конкурсқа
қатысушылардың үлесі орта есеппен бір орынға 1,7 адамды құраса, жаңа
іріктеу жүйесі бойынша бір лауазымға қатысушы үміткерлердің орташа
үлесі үш жарым есеге артып, 5,8 адамды құрады. Нәтижесінде, осы жоба
бойынша мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтармен сұхбат
жүргізу барысында қатысушылардың басым бөлігі шынайы бәсекелестікке
жол ашатын, іріктеу кезеңдеріне ыңғайлы уақытта қатысуға мүмкіндігін
беретін, рәсімдері толық цифрландырылған іріктеу жүйесі бойынша оң
пікірлерін білдірген. Агенттік жыл соңына дейін жаңа іріктеу жүйесін
жетілдіру бағытында бірқатар өзгерістер енгізіп, оны келесі жылдың
соңына дейін барлық мемлекеттік органдарға енгізуді жоспарлап отыр-
дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облыстық
департаменттінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.
Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасудың тәртібі елімізде 2017 жылдың 21 ақпанында
тәжірибеге енгізілді. Бұл ретте,осыған дейін 1 бірінші кезекте мемлекеттік
қызметке үміткер алдымен заңнаманы білу тестілеуінен жергілікті
департаментке барып өтуі тиіс болатын. Содан соң Агенттіктің интернет-
ресурсында жарияланған /gov.kz/ бос жұмыс орындарын қарап, мемлекеттік
органның электрондық поштасына өтініш, қызметтік тізімі мен білімі туралы
құжаттардың нотариалды көшірмелерін ұсыну арқылы конкурсқа офлайн
түрде қатысатын еді.
Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы
Кезектің электрондық талондарын алу сервисі 2022 жылдың сәуір айында енгізілді, өткен жылы 60 мыңнан астам талон алынған. Соңғы 5 айда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті: 2023 жылдың желтоқсанында пайдаланушылар 3 мыңға жуық талон алса, ал сәуірде – 12 жарым мыңнан астам талон алынған.
Айта кетейік, кезектің электрондық талонын "ХҚКО" қосымшасы арқылы ресепшн бағанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болады. Ол үшін қосымша арқылы халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала онлайн брондау рәсімделуі қажет. Сондай-ақ, қызмет екінші деңгейлі банктің қосымшаларының бірінде қолжетімді.
"Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн режимінде алуға болады. Егер тек ХҚКО-да көрсетілетін қызмет болса, онда кезекті алдын ала брондап, жазылған уақытта келуге болады. Бұл жағдайда ресепшендегі маманға жүгінудің қажеті жоқ. Азамат кезектің электрондық талонын өз бетінше ала алады. Осылайша, сіз көрсетілетін қызметті алушылардың уақытын ғана емес, сонымен қатар талондарды шығаруға кететін қағазды да үнемдей аласыз", - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Электрондық талондарды жиі қолданатынүш ХҚКО Алматы қаласының Медеу ауданында, Түркістан облысының Сайрам ауданында және Қарағанды қаласының Чкалов көшесінде орналасқан.
2024 жылы "Азаматтарға арналған үкімет " " ХҚКО " мобильдік қосымшасын қолдану тәжірибесін талдап, оны клиенттерге ыңғайлы болу үшін қайта өзгертуге ниетті. Қазіргі уақытта қосымшаның негізгі функциялары – кезекті электронды брондау және ХҚКО операторының бейнеқоңырауы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.
Маңғыстаулықтар жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды онлайн тіркеуді жөн көреді. Өткен жылмен салыстырғанда "Blockchain" технологиясы арқылы жасалатын мәмілелер саны 2,5 есегеартты. 2024 жылдың бірінші тоқсанында шамамен мыңға жуық операция жасалды. Ал Қазақстан бойынша 25 мыңы тіркелген.
Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы кепілді (қайтакепілге қоюды) және оның тоқтатылуын онлайн режимде тіркеуге болады.
Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді және шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу мүмкіндігін іске асырды.Бұған қоса, тұрғын емес үй-жайлармен кепілді тіркеу де қолжетімді болды.
Айта кетерлігі, Blockchain технологиясы банктердің жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы несие беру кезіндегі несиелерді онлайн рәсімдеуді жеңілдетеді, шығындарды азайтады және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартады. Сонымен, Blockchain пәтерді рәсімдеу уақытын 3 күннен 1 сағатқа дейін қысқартты.
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады.
10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмысқа білетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыстамақтану ережелері:
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек - қан тамыр, асқазан – ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.
2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларындакөлікқұралдарынтіркеубарысындаміндеттінотариаттықкуәландырылған көліктісатыпалу-сатушарттарын қабылдайтынболады. Бұлреттемәміленіңжазбашанысаныжойылады.
Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады.
Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады. А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.
Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енуінің арқасында мүмкін болды. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.
Өзгерістер "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.
Түзетулер жария талқылаудан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті және ІІО мен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңеспен мақұлданды.
"Азаматтарға арналған үкімет" барлық көлік иелері мен жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жаңа ережелермен танысуға кеңес береді.
Жаңартылған ережелердің толық мәтінімен порталда танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034240