Маңғыстау облысында ғашықтар күнінде 26 жұп шаңырақ көтерді

Маңғыстау облысында ғашықтар күнінде 26 жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде Ғашықтар күні атап өтіледі. Аталған мерекеге орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 26 өтініш түсті. Оның ішінде 18-і Ақтау қаласында тіркелген.  Ал елімізде бұл күні  500-ден астам шаңырақ құрылды.

 

      Айта кетейік, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жалпы 23 835 неке тіркелген. Маңғыстау облысында жыл басынан 1103 жас жұптар некелерін заңдастырған.

 

Естеріңізге сала кетейік, елімізде неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады. Мемлекеттік органдар өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі. Егер тіркеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, ол автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады.