Ардақты аналар, аяулы арулар!

Ардақты аналар, аяулы арулар!
Аудан әкімі Қ.Құлжановтың     
8-Наурыз Халықаралық әйелдер 
күніне орай Мұнайлы газетіне 
құттықтау сөзі

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйелдер қауымы – халқымыз үшін әрдайым үйдің ұйытқысы, ошақтың иесі болған.

Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді.

Ертеңгі күнге нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке иесіздер.  Дүниені пәк қалпында ұстап тұрған Сіздердің жүректеріңіздегі сол ізгі сезімдер ешқашан сөнбесін деп тілеймін.

Егемен елімізде әр салада көш бастап, қоғамның тіректі тұтқасы болып жүрген әйелдер қауымының көбейіп жатқанын көріп көз қуанады. Ауданымыздың саяси-әлеуметтік дамуына бей-жай қарамай, алдыңғы қатарда қызмет етіп жатқан аруларымыз қаншама?! Солардың барлығына атқарып жатқан қызметтеріне бас иіп ізгі ілтипатыммен сәттілік тілегім келеді.

Жер жаһандағы жақсылық, мейірімділік, ізгілік пен қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен таралатындығын дана халқымыз ешқашан естен шығармаған.

Қазіргі таңда ауданымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналар жеткілікті. Мұғалімдер, дәрігерлер мен мәдениет саласындағы қызметкерлердің біраз бөлігін әйелдер қауымы құрайды. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолмен әлемді тербетеді деген аталы сөздің дәлелі осында.

Құрметті арулар, Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке және өмірде толағай табыс тілеймін!

 

Құрметпен, Мұнайлы ауданының әкімі

                                                      Қанат Құлжанов