ҮЛГІЛІ АУЛА: Маңғыстау ауылдық округінің 22 КВАРТАЛ ТҰРҒЫНДАРЫ НАҒЫЗ ТАЗАЛЫҚ ҮЛГІСІН КӨРСЕТУДЕ

ҮЛГІЛІ АУЛА: Маңғыстау ауылдық округінің 22 КВАРТАЛ ТҰРҒЫНДАРЫ НАҒЫЗ ТАЗАЛЫҚ ҮЛГІСІН КӨРСЕТУДЕ

Мұнайлы ауданын, Маңғыстау ауылдық округіндегі 22 квартал тұрғындары өз ауласына ерекше мән берген. Ауыл тұрғыны Ермек Лепесов үй алдындағы шағын бос орынға жеміс ағаштарын егіп, баптап жылдар бойы аула маңын жасыл желекке айналдырған.

- Үй алдында шағын ғана жер бар. Сол жерге бақ жасап, ағаш егіп, көгалдандырып отырмыз. Жемістердің күзгі, жазғы сорттары бар. Жақында гүлдер егіп бастаймыз. Сондай-ақ, жауын жауғанда пайда болған суды жеміс суаратындай жасап қойдық. Жауын суы бақшаны суарып болғаннан кейін артық су ары қарай ағып кетеді,- деді ауыл тұрғыны.

Бұл кварталдағы тұрғындар әдеп сақтау мен қоғамдық тәртіпке де назар салған. Тазалық сақтауға үндейтін жадынама қағаздарын жапсырып, тұрғындар мен қонақтарды подъезге қамқорлықпен қарауға шақыруда.
Бұдан бөлек, подъездің әдемілігіне де аса мән беріп, бөлме гүлдері мен түрлі картиналардан бөлек, тіпті туды да іліп қойған.

Аталған үлгілі үйге аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Алиханұлы арнайы барып, тұрғындармен тілдесіп, аудан көркеюіне қосып жатқан үлестеріне алғысын айтты.

#ТазаҚазақстанМұнайлы