АУДАНҒА ЭВАКУЦИЯҒА КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ АҒАШ ЕГІЛДІ

АУДАНҒА ЭВАКУЦИЯҒА КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ АҒАШ ЕГІЛДІ

Мұнайлы ауданының жас белсенділері эвакуацияланған азаматтармен бірге жатақхана маңына ағаш түптерін екті. Игілікке бағытталған шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асып жатыр.

Бұған дейін де ауданда сенбілік жұмыстарының нәтижесінде 1200 түп тал егілген, алдағы көктем мен күзгі сенбіліктерде егілетін жасыл желектер санын 4 мыңға жеткізу жоспарда бар. Аталған шара ауданды көгалдандыру мен экологиялық таза мекенге айналдыруға септігін тигізбек.

Әлеуметтік маңызды нысандар мен орталық жол бойына егілген ағаштар жыл соңына дейін жауапты мекеме тарапынан суарып, бапталатын болады.

Тұрғындардың бүгінгі бастамасы өзгелерге де үлгі болып, табиғатты аялауға шақырады деп сенеміз.

- Бұл іс эвакуацияға келген Құлсарылықтардың бастамасы деп айтылды. Ерікті жастар жатақхана маңына келіп, бастамаға көмектесу үстінде,- деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысының міндетін атқарушы Назар Нұрлаев

#ТазаҚазақстанМұнайлы