ТАЗА АУДАН: МҰНАЙЛЫ 35 ТОННА ҚОҚЫС ҚАЛДЫҒЫНАН ТАЗАРДЫ

ТАЗА АУДАН: МҰНАЙЛЫ 35 ТОННА ҚОҚЫС ҚАЛДЫҒЫНАН ТАЗАРДЫ

Бүгін Мұнайлы ауданында кезекті сенбілік шарасы өтті. Іс-шара барысында ауданда арнайы белгіленген 10 аумаққа санитарлық тазалау, ағаш егу, егілген ағаштарды әктеу, суару жұмысы жүргізілді. 800 ге жуық аудан қызметкерлері және белсенді тұрғындардың ат салысуымен 200 түп ағаш егілді. Сондай-ақ, 7 арнайы техниканың көмегімен 35 тонна қоқыс қалдығынан сыртқа шығарылды.

Бұдан бөлек, әр ауылдарда, аудан орталығында коммуналдық мекемелер мен мердігер мекемелер жолдарды күтіп ұстау, жол белгілерін қайта сызу, жол жиегіндегі бордюрларды таза ұстау мен ағаш діңгектерін әктеу сынды жұмыстарды күнделікті атқаруда.

Айта кетейік, аталған іс-шара «Таза Қазақстан» және «Таза өлке- Маңғыстау» атты экологиялық акция аясында өтті. Бұл акция 11 мамырға дейін жалғасады.

#ТазаҚазақстанМұнайлы