Мұнайлыда 100-ден аса эвакуацияланған адамға арнап ас берілді

Мұнайлыда 100-ден аса эвакуацияланған адамға арнап ас берілді
  •  
  • Бүгін Мұнайлы ауданындағы «Мерей» қонақ үйінде эвакуацияланған тұрғындарға арнап ас берілді. Игі істі ұйымдастырушы Маңғыстаулық «Біз адамбыз, біз біргеміз» қайырымдылық қоры. Қор мүшелері шараны алғаш Мұнайлы ауданында ұймдастырып отыр.

    Көпшілік жиылған жерге аудан әкімі Ержан Күмісқалиев барып, ұйымдастырушыларға алғысы мен келушілерге жылы лебізін білдірді.

    - Ештеңені уайымдамаңыздар, біз сіздермен біргеміз. Қазақ қазаққа әрқашан бауыр. Жеңілдігін берсін, үйдеріңізге аман-есен оралуыңызға тілектеспін!-, деді аудан әкімі.

    Қонақ үйге орналасқан тұрғындар да барша қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын айтып, ақ батасын берді.

    - Киелі Маңғыстау халқына алғыс. Бізді жылышырайымен қарсы алып, еш жатырқамай, өз құрметін көрсету үстінде. Барша мекеме қызметкерлеріне, барша халыққа, алғысым шексіз. Мұндай қиындық сіздерге түспесін. Ешқандай жамандық болмасын. Әрқашан жолдарыңыз болсын,- деді Құлсарылық тұрғын.

    Шара эвакуацияланған тұрғындардың көңілін сергітіп, еңсесін бір тіктеуге серпін болды.