🏆МҰНАЙЛЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА🏆

🏆МҰНАЙЛЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА🏆

Ақпан айында 9-11 сынып оқушыларына және ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесі белгілі болды. Байқауда Мұнайлы ауданы топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді.

Жалпы байқау нәтижесі бойынша, Мұнайлы ауданында 18 оқушы 🥇 орын, 22 оқушы 🥈орын, 27 оқушы 🥉 орынға ие болып, жоғары нәтиже көрсеткен.

Ақтау қаласындағы «Абай» атындағы мәдениет үйінде білім додасында топ жарған алғырлар оқушыларға, үздік мектептер мен аудандарға, мұғалімдерге жүлдесі табыстауға арналған салтанатты шара өтті.

Топ жарған 33 оқушымен Мұнайлы ауданында «ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА - 2024» номинациясы бойынша 🥉 орынды және 100 мың теңге қаржылай сыйақыны иеленді.

Одан бөлек, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде 6️⃣7️⃣ оқушы жүлдеге ие болып, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп «ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІ-2024» номинациясымен
🥇 орынды иеленді. Оған қоса, 150 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды. Дәл осы номинация бойынша Қызылтөбе лицейі 🥉 орынды және 80 мың теңге қаржылай сыйақыны қанжығасына байлады.

Педагогтер де марапаттан құр қалған жоқ. Зияткерлік даму деңгейімен көзге түсіп, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін №3 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гулнар Кадырбайқызы - «2023 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» атанды✅